Ақшаны қай валютада сақтаған дұрыс? – Экономика министрінің жауабы
Ақшаны қай валютада сақтаған дұрыс? – Экономика министрінің жауабы
Фото: Интернеттен алынды
303
оқылды
Доллар бағасы қымбаттап тұрған шақта «ақшаны қай валютада ұстаған дұрыс?» деген сауалға Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жауап берді, ­– деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
«Бұл жерде әркімнің өзіндік жоспары, мақсаты бар. Бәрі де әр азаматтың өзінің шығынына байланысты. Егер сіздің шығыныңыз – теңге арқылы болса, әлбетте қаражатты теңгемен сақтаған абзал. Ал егер шығыныңыз басқа валюта арқылы шығып жатса, онда қаражатыңыздың бір бөлігін сол валютада сақтаған дұрыс. Менің жеке пікірім осындай», – деді Руслан Дәленов.
Айта кетейік, кешеден бері мұнай бағасы арзандап, доллардың қымбаттауына байланысты ел ішінде абыр-сабыр басталды. Президент шұғыл жиын өткізді.