Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы күні – 10 қаңтар.
Қазақстанда жаңа мерекелік күндер пайда болады
Фото: gov.kz
3,573
оқылды

Қазақстанда жаңа мерекелік күндер пайда болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығына сәйкес, жаңа мерекелер: 

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы күні – 10 қаңтар

Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметкерлері күні – 1 ақпан

Ұлттық басылым күні – 2 ақпан

Жерге орналастыру, геодезия және картография күні – наурыздың екінші сенбісі

Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні – 7 сәуір

Геолог күні – сәуірдің бірінші жексенбісі

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері күні – 16 сәуір

Ғылым қызметкерлері күні – 12 сәуір

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күні – 21 сәуір

Байланыс қызметкерлері күні – 17 мамыр

Метрология қызметкерлерінің күні – 20 мамыр

Мәдениет және өнер қызметкерлері күні – 21 мамыр

Химия өнеркәсібі қызметкерлері күні – мамырдың соңғы жексенбісі

Эколог күні – 5 маусым

Монополияға қарсы орган қызметкерлері күні – 7 маусым

Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері әскери қызметшісінің және қызметкерінің күні – 9 маусым

Полиция күні – 23 маусым

Мемлекеттік қызметші күні – 23 маусым

Судья және сот қызметкері күні – 24 маусым

Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні – маусымның екінші жексенбісі

Малшылар күні – маусымның екінші жексенбісі

Медицина қызметкері күні – маусымның үшінші жексенбісі

Мерекелердің толық тізімін МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы көре аласыз. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.