Жасанды интеллект жүйелерін әскери мақсатта, соғыста пайдалану қалыпты жағдайға айналды. Енді роботтар әскерге қолбасшылық жасауға жараған сияқты.
Генералдар қысқарып, әскерді робот басқарады
Қытайда зертханада өтетін соғыс ойындарына қатысатын «робот-генерал» жасалды. Фото dzen.ru сайтынан алынды
2,381
оқылды

BGR платформасы қытайлық ғалымдардың жаңа «әскери қолбасшы» жасағандары туралы жазды. Осы хабарламаға сүйенген Aikyn.kz «робот-генерал» әскерді қалай басқаратынын түсіндіреді.

Енді жауынгерлердің қару-жарақтары мен ауыр жүктерін робот тасиды. Фото enigmaplus.cz сайтынан алынды. Авторлығы: Sgt. Sarah Dietz, US Marine Corps

Қытай билігі өз әскерін басқару үшін жасанды интеллекті пайдалануға тыйым салуы мүмкін. Өйткені адами қасиеттерді толық меңгере алмаған машинаның ертең ұрыс даласында қандай тәуекелдерге баратынын оны жасаушылар да білмейді.

Бұған қарамастан қытай ғалымдары зертханада өтетін соғыс ойындарына қатысатын «робот-генералды» жасаған. Бұл интеллектуалды машина адамның әскери қолбасшыға қажетті білімге негізделген және олардың күшті және әлсіз жақтарын ғана емес, сонымен қатар олардың жеке басының қабілеттері мен ойлау тәсілін де қайталай алады.

Қазірше виртуалды генералдар Хэбэй провинциясының Шицзяжуан қаласындағы Ұлттық қорғаныс университетінің Біріккен операциялық колледжінің зертханасымен ғана шектелген. Әзірге машина-қолбасшыға «өз әскери күштерін» басқару үшін бұрын-соңды болмаған өкілеттіктер берілген сияқты, өйткені ол шексіз сценарийлермен дамитын виртуалды соғыстармен айналысуда.

Компаниялар от шашатын робот-иттер сата бастады. Фото BGR сайтынан алынды. Авторлығы: Throwflame

Сонымен қатар, жобаның зерттеулері ЖИ әскери қолбасшыларының экспоненциалды жылдамдықпен оқып-үйрене алатынын көрсеткен. Түпнұсқалық мақала қытай тіліндегі Common Control & Simulation журналында ғана қолжетімді.

Бірақ көрсетілген деректерге сенетін болсақ, ЖИ-ды әскерде қолдану өте «өміршең» шешім екенін көрсетеді.

Жасанды интеллектің әскери қолбасшылық бағытында дамуын көпшілік қолдамауы мүмкін. Бірақ бүгінгі әлемдегі ірі мемлекеттердің көшбасшылыққа таласының арты үлкен соғыстарға жалғасып жатқанын ескерсек, ертең екі елдің әскерлерін роботтар басқарып, роботтар майданда адамдардың орнында ұрыс жүргізетінін елестетудің өзі қорқынышты.

Мына видеодан ұрыс даласында, арнайы операцияларда роботтардың жұмысын көресіз. Бұл қорқынышты:

ChatGPT-дің жетілдірілген нұсқаларына қарап, «ЖИ адамзатты жақын арада басып озады» деген көзқарастар қазірдің өзінде жиі естілуде. Егер ЖИ әскери мақсатта қолданыла бастаса, адамзаттың болашағына деген алаңдаушылық одан әрі күшейе түспекші. Бұл, әсіресе, ЖИ-ге тәуелсіз шешім қабылдау мүмкіндігін берумен байланысты.

Бұған дейін де Қытай ЖИ-ді күштік құрылымдар үшін қолданып келгені белгілі. Қытайлық әскерилері мылтықтары бар робот-иттер мен жауынгерлік дрондарды сынақтан өткізіп жатқанын жасырмайды. Басқа елдер де соғыста қолданылатын интеллектуалды машиналарды сынап, оларды қазірдің өзінде майдан даласында қолдану жолдарын іздеуде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.