Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 511 шақырым жерде орналасқан.
Алматыдан 511 шақырым аумақта жер сілкінді
Фото: istockphoto.com
2,429
оқылды

Сейсмологтар бүгін, 19 маусым күні сағат 17:09-да жер сілкінісін тіркеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«ҚР ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 19 маусым күні Астана қаласының уақыты бойынша 17 сағат 09 мин 42 сек жер сілкінісін тіркеді», – деп хабарлайды Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 511 шақырым жерде орналасқан.

«Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің 101 және 112 телефондарына жер сілкінісі, зардап шеккендер және қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары, сабыр сақтап, тек ресми ақпаратқа сенулеріңізді сұраймыз», – деп мәлім етті ТЖД.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.