«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында еліміздің түкпір-түкпірінде әр бейсенбіні тазалық күніне айналдырып, жергілікті тұрғындар да атсалысып жатыр.
«Таза Қазақстан» – игі үрдіске айналған тазалық шарасы
925
оқылды

Бүгінгі күннің өзінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Ақтау қаласының «Солдат жағажайы» теңіз жағалауында тазалық жұмыстары жүріп, айнала қоқыстан тазартылды. 

Іс-шараға облыстық «AMANAT» партиясының қызметкерлері мен мәслихат депутаттары, облыстық, қалалық әкімдіктерінің қызметкерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар және Аналар кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестіктерінің өкілдері,«Жасыл ел» жастар жасағының сарбаздары қатысты. 

Облыс әкімі Нұрдәулет Игілікұлы өңір тұрғындары мен жастарды табиғатқа бейжай қарамай, тазалық жұмысына ұйытқы болуға шақырды. Каспий жағалауында бастау алған акцияға 600-ге жуық адам қатысып, теңіз жағалауын тазалауға, абаттандыруға әрбір қатысушы өз үлесін қосты.

Оған қоса, Көктөбе ауылдық округ әкімдігі және клуб үйі ауыл тұрғындарын "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына белсене қатысуға шақырады.

Мұндай шарадан Түркістан облысының аумағы да шет қалмады. Экоакцияға Сарыағаш ауданының тұрғындары да белсене атсалысып, оның жалғасы ауданға қарасты Құркелес ауылдық округі, Алғабас елді мекенінің тұрғындары қол қусырып отырмады. Олар орталық және ішкі көшелердің бойында жатқан күл-қоқысты жинап, арық-атыздарды тазалады. Ал еріктілер шөптерді орып шықты.   

Тазалық акциясы аясында 1,8 тонна күл-қоқыс және тұрмыстық қатты қалдық шығарылды. Жалпы, тазалық жұмыстарына 60-қа жуық адам қатысып, екі арнайы техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, Сарыаға ауданында тазалық аптасы тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Аудан аумағында жыл басынан бері  жалпы 75  сенбілік өткізілді. Сенбілік барысында 500 көше, 161 шақырым аяқжол, 200 шақырым арық-атыздар, 103 шақырым ирригация жүйес тазаланды. Сонымен қатар 37 аялдама, 34 саябақ пен сквер, 47 спорт алаңшасы ретке келтірілді. Барлығы 676 тонна қоқыс арнайы орынға шығарылды.

Президенттің "Таза Қазақстан" жалпыұлттық бастамасы аясында "AMANAT" партиясының Қарасу аудандық филиалы апта сайынғы "Таза бейсенбі" экологиялық акциясына қатысты. Бүгін аталған акцияға "Жастар рухы" Жастар қанатының депутаттары, партия мүшелері және белсенділері қатысты. Акция барысында арамшөпті шабу жұмысы жүргізілді. Осындай  тазалық жұмысы апта сайын жалғаспақ.