Отандық актриса Жұлдыз Әбдікәрімова ауруханаға жататын болды. Бұл туралы Қайрат Нұртастың әйелі Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Осыған дейін күндізгі стационарда ем қабылдап жүрген Жұлдыз Әбдікәрімова еш нәтиже болмағанын айтты. Енді ол екі күн бойы тексерістен өтпек.
"Кеше мені жоғалтып алдыңыздар ма? Ем жалғасуда. Бір апта күндізгі стационарда болдым. Нәтиже болмады. Ауруханаға жату туралы шешім қабылданды. Себебін анықтау стадиясындамыз. Кешегі МРТ нәтижесі бойынша нейрохирург дәрігері тағы да терең тексеріс пен талдау жасау керек екенін айтты. Сол себепті ауруханада жатып емделетін болдым", – деді Жұлдыз Әбдікәрімова.
Актриса бас айналуы болмаса, жағдайы бірқалыпты екенін де түсіндірді.
"Қазір аллергияға қарсы екпе салып, КТ-ға алып кетеді. Ауруханаға жататынымды білген соң үлкен әпкем келді. Балаларымды тастайтын адам болмады. Анам үйде жоқ. Сондықтан сенімді адам керек болды. Ал ол – менің туған бауырым. Аман-есен ауруханадан шыққан соң таныстырамын. Әзірге мендегі жағдай бірқалыпты. Бірқалыпты деген себебім, ауыр белгілері кеткенімен, бас ауруы, әлсіздік, бас айналуы қоймай тұр. Күндізгі стационардағы ем қонбады. Сондықтан толық зерттеп, ем шаралары мен жолдарын айтады. Енді екі күн бойы тексерілемін. Баршаңызға рақмет. Негізі ауырып жатқан жоқпын, тек басым айналады", – деді ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.