«ГАЗ» маркалы автокөліктің 46 жастағы жүргізушісі Байсерке кентінің көшелерінің бірінде, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған екі қызды қағып кетті.
Алматы облысында жүк көлігі кәмелетке толмаған екі қызды қағып кетті, біреуі қайтыс болды
Фото: istockphoto.com
511
оқылды

Алматы облысы Байсерке ауылында жүк көлігі жаяу жүргіншілер өткелінде 12 және 14 жастағы екі қызды қағып кетті. Апат салдарынан қыздардың кішісі қайтыс болды, – деп хабарлады Aikyn.kz.

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 17 маусым күні болды.

«ГАЗ» маркалы автокөліктің 46 жастағы жүргізушісі Байсерке кентінің көшелерінің бірінде, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған екі қызды қағып кетті. Салдарынан 12 жасар жаяу жүргінші сол жерде қайтыс болды», – деп хабарлады ведомстводан.

Аталған қылмыстық іс аудандық полиция бөлімшесінде тіркелді.

«Қазіргі уақытта сараптамалық тексерулер тағайындаумен осы жол-көлік оқиғасының мән-жайларын объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полициядан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.