Жапония үкіметі осындай шешім шығарды. Яғни, медициналық бетпердені бағасын көтеріп, қайта сатқандар бір жылға дейін сотталады, не миллион иенге дейін (9,8 мың доллар) айыппұл төлейді, - деп жазады nege.kz.
Кей жағдайда осы жазаның екеуі қатар қолданылуы мүмкін. Жаңа заң 15 наурыздан бастап күшіне енеді. Жапонияның Экономика, сауда және индустрия министрлігінің мәліметіне сүйеніп, ТАСС-тың хабарлауынша, сатып алынған масканы сол бағада сатуға рұқсат етіледі.
Медициналық маскаларды қайта сатуға салынған тыйым – 1973 жылы тұтыну тауарларының жетіспеушілігін болдырмау үшін қабылданған заң негізінде енгізілген.