Шенеунік петиция қажетті дауысты жинаса, халықтың пікірін тыңдап, мәселені қарайтын жұмыс тобының құрылатынын айтты.
Елімізде зейнет жасы төмендей ме? Министр жауап берді
1,250
оқылды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зейнет жасының төмендеуін талап еткен петицияға қатысты пікір білдірді, деп жазады Aikyn.kz.

Ол петиция қажетті дауысты жинаса, халықтың пікірін тыңдап, мәселені қарайтын жұмыс тобының құрылатынын айтты.

«Стратегиялық есептерді жүргізіп қойдық. Сондықтан қазіргі уақытта шешім қабылданса, петиция керек дауысты жинаса, халықтың алдына шығып, пікірлесіп, жұмыс тобын құрып шешім қабылданады. Қазір біз басқа шараларды қарап отырмыз. Негізі зейнет жасына тиіспей-ақ, зейнетке ерте шығу құқығы, зейнетке тиісті жасынан кеш шығу құқығы деген іс-шараларды қарастырып отырмыз», деп жауап берді министр Мәжіліс кулуарында.

Айта кетейік, қазір epetition порталында әйелдердің зейнет жасын 55 жасқа дейін, ал ерлердікін 58 жасқа дейін төмендетуді талап еткен петицияға қазақстандықтар қол қойып жатыр.