14 баладан сынама алынды.
Бурабайда демалып жатқан 14 бала тамақтан уланып қалды
Фото: istockphoto.com
1,127
оқылды

Бурабай ауданына демалуға келген 14 бала улану белгілерімен ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Aikyn.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

«Авиценна — Бурабай» ЖШС директоры Евгений Бекаевтың мәліметінше, 22 маусым күні сағат 01.00-ден таңғы 06.15-ке дейін 8-17 жас аралығындағы 14 бала аурухананың қабылдау бөлмесіне жүгінген.  

«Балаларға жүргізілген сауалнама барысында олардың 20 маусымда келгені және 22 маусымда кететіні анықталды. Сапардың мақсаты — жеке демалыс. 21 маусым күні таңғы ас ішкеннен кейін (барлық балалар әртүрлі тамақ жеген: қуырылған ет пен картоп, борщ, сырник және т. б.) улану белгілері пайда болған, бірақ балалар кешке қарай ғана медициналық көмекке жүгінген. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін екі-үш баладан біртіндеп ауруханаға түсе бастады», - деп түсіндірді Евгений Бекаев. 

Балаларға дереу медициналық көмек көрсетілді. 12 баланың асқазанын жуып, үш балаға инфузиялық терапия жасалды. Бүкіл 14 баладан сынама алынды. Сондай-ақ құсуға қарсы инъекция мен спазмолитик  берілді.

«Балалардың көбі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін бірден кетсе, қалғаны дәрігерлердің бақылауынан кейін ауруханадан шықты», - деп толықтырды бас дәрігер. 

Дәрігерлер улану дерегі бойынша шұғыл хабарламаны Бурабай ауданы бойынша Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолдады.  Ендігі кезекте санитарлық дәрігерлер тексеруі керек.

Балалар тұрып жатқан қонақүйдің иесі бұл жерде тамақ берілмейтінін еске салды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.