Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жылап отырған сәтінен видео жариялап, жазба қалдырған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Блогердің бұл жазбасы оқырмандарының талқысына түсті.
"Мұны айтатын уақыт келді. Ол маған қол көтереді. Шашымды жұлып тастады. Үйден онсыз шығуыма рұқсат бермейді", – деп жазды актриса.
Алайда бірер секундтан соң көпшіліктің көңілі орнына түсті. Байзақова бұл жазбасымен кіші ұлы туралы жазған.
"Қыздар сіздерге тек осындай кішкентай "абьюзерді" тілеймін", – деп жазды блогер.