Олар демалысқа туыстарымен барған.
Бурабайға демалысқа барған 14 бала тамақтан уланып қалды
1,210
оқылды

8-17 жас аралығындағы балалар аудан орталығындағы «Тұрар Халал» демалыс орнында таңғы ас ішкеннен кейін өздерін жайсыз сезінген,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Кейін медициналық көмекке жүгінген. Олардың айтуынша, таңғы асқа әртүрлі тағам жеген.

Белгілі  болғандай, балалар аталған демалыс орнына туыстарымен бірге 20 маусымда келген.

Ақмола облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқастар қажетті ем алған соң үйлеріне жіберілді.  

Дәрігерлер улану дерегін аудандық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына хабарлаған. Енді мамандар қонақүйдің дәмханасын тексеріп жатыр.