Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сарыарқа-А.Жангелдин көшелерінің қиылысында жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Астана әкімдігінің ресми сайты жазғандай, осыған байланысты 24 маусым сағат 07:00-ден 25 маусым сағат 07:00-ге дейін жоғарыда аталған қиылыс толығымен жабылатын болады.
«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды», - делінген хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.