Аймақ басшысы тиісті жарлыққа қол қойды.
Дағыстанда үш күндік аза тұту жарияланды
1,544
оқылды

Дағыстанда 24, 24 және 26 маусым аза тұту күндері деп жарияланды. Аймақ басшысы Сергей Меликов тиісті жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметінің Telegram-арнасы мәлімдеді.

– 24, 25 және 26 маусым Дағыстанда қаралы күн деп жарияланды. Сергей Меликов тиісті жарлыққа жаңа ғана қол қойды. Аза тұту күндері республиканың барлық аумағында мемлекеттік тулар түсіріледі, – делінген хабарламада.

Аза тұту күндері Дағыстанда орналасқан мәдениет мекемелері мен телерадиокомпаниялар барлық ойын-сауық шаралары мен бағдарламаларын тоқтатады.

Сонымен қатар үкіметке қаза тапқандардың отбасы мен зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша қажетті шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берілді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.