Бүгінге дейін алаяқтың қармағына түскен 9 азамат полицияға жүгінген.
Астанада жоқ пәтерді жалға берумен айналысқан алаяқ ұсталды
477
оқылды

Астанада жоқ пәтерді жалға берумен айналысқан күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында астаналықтарды алдады деген күдікпен 41 жастағы қала тұрғынын анықтады. 

Сотқа дейінгі тергеу барысында ер адам Krisha.kz сайтына нарық құнынан төмен бағада пәтерді жалға беру туралы хабарландырулар жариялағаны белгілі болды. Ол шұғыл ақша қажет деп және пәтер жалдауға ниет білдіргендердің көптігін сылтауратып, жәбірленушілерден 90 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейінгі алдын ала төлемді аударуды сұрағаны белгілі болды.  

Бүгінге дейін алаяқтың қармағына түскен 9 азамат полицияға жүгінген. Олардың бірі, 23 жастағы жәбірленуші, күдікті жіберген пәтердің фото-бейне жазбаларына сеніп, үйді көрместен 120 мың теңге ақшалай қаражатты алаяқтың шотына аударған.  

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі кезде басқа да зардап шеккендер анықталып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.