Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
БҚО Полиция департаментінің ғимаратында өзіне абайсызда оқ атқан полицейдің жағдайы ауыр
Фото: istockphoto.com
1,100
оқылды

24 маусым күні таңертең БҚО Полиция департаментінің ғимаратында 21 жастағы полицей байқаусызда өзіне оқ атқан. Дәрігерлер оған ота жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Алдын ала ақпарат бойынша, ол өзін кездейсоқ атып жіберген. Оқиға аймақтық Полиция департаментінің ғимаратында болды.

2003 жылы туған полиция қызметкері шұғыл түрде облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Оған шұғыл операция жасалды.

«Қазіргі уақытта ол реанимацияда. Жағдайы өте ауыр», - деп хабарлады БҚО Денсаулық сақтау басқармасы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.