Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы 26 маусымда сағат 10:00-де өтеді. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Жоғарғы сот қоғамның сот процесіне қызығушылығының артқанын ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот отырыстарының онлайн-трансляциясын жалғастыру туралы шешім қабылдады», – делінген хабарламада.
Сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың және «Хабар» агенттігінің YouTube-арнасынан көре аласыздар.
Айта кетейік, бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.