Алматыда №211 автобус бағыты күн сайын қатынайды.
Алматыда күн сайын тоқтамай жүретін автобус пайда болды
3,895
оқылды

Қала тұрғындарының өтініші бойынша №211 бағыты "Спорт сарайы" – "Алма-Арасан" арасында күн сайын қатынайды, – деп жазады Aikyn.kz.

Бұрын маршрут тек демалыс күндері жүретін.

Таулы жерге бейімделген жүріс және тежеу жүйесі бар 2 бірлік Yutong маркалы автобус күнделікті қатынайды.

Маршрутта жолақысын қолма-қол ақшасыз төлеу 100 теңге, ал қолма-қол ақшамен төлесеңіз, 200 теңге. Бұрын жолақысы 300 теңге болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.