Бұл норма заңда бар екенін, қай саланың мамандары бұл мүмкіндікті пайдалана алатынын айтты.
Вице-премьер кімдер 4 күндік жұмыс аптасына ауыса алатынын айтты
Фото: halyq-uni.kz
3,742
оқылды

Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Қазақстанда 4 күндік жұмыс аптасының енгізілуіне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Мәжіліс кулуарында соң вице-премьерге "Қазақстанда 4 күндік жұмыс аптасы енгізілгені хабарланған. Қазір бұл мәселе қандай деңгейде? Мүмкіндікті кімдер пайдалана алады?" деген сауал жолданды.

Вице-премьер бұл норма заңда бар екенін, қай саланың мамандары бұл мүмкіндікті пайдалана алатынын айтты.

"Бұл мәселені қарастырдық, Еңбек кодексінде ол бар. Бұл – жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы өзара қатынас. Мысалы, қыста қонақүйлер қызметкерге 4 күн жұмыс істеуге мүмкіндік бере алады. Алайда туристер көп келген кезде жұмыс аптасын 6 күнге ұзарта алады. Бірақ 40 сағаттық жұмыс аптасы сақталуы шарт. (4 күн жұмыс аптасы негізінде – автор) қызмет көрсету саласы мен туризм, қонақүй бизнесі жұмыс істей алады", – деді Тамара Дүйсенова.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.