Сот олардың өтінішін қанағаттандырған жоқ.
Бишімбаев пен Байжановтың апелляциясы: сот шешімі шықты
8,183
оқылды

Астанада апелляциялық сот алқасы Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық істі қарады. Сот олардың өтінішін қанағаттандырған жоқ, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұған дейін, адвокат Ерлан Ғазымжанов Бишімбаевқа тағылған «Аса қатыгездікпен адам өлтіру» ҚК 99-бабын «Абайсызда өлімге әкеп соқтырған денсаулыққа ауыр зиян келтіру» ҚК 106-бабына ауыстырып, жазаны жеңілдетуді сұраған. Ал азаптау бойынша айыпты мүлде алып тастап, оны жаңа құраммен жаңадан қарауды талап етті.

Еске салайық, Қуандық Бишімбаев марқұм әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен, қинап өлтіргені үшін 13 мамырда 24 жылға бас бостандығынан айырылған, ал оның қылмысын жасырды деп айыпталған інісі Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.