Қазақстан Президенті Қатар Мемлекетінің елшісі Абдалла бен Хусейн Джаберді қабылдады.
Ортақ мақсаттар біріктіретін ең жақын серіктес
535
оқылды

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарды Қазақстанның ортақ мақсаттар мен мұраттар біріктіретін ең жақын серіктестерінің бірі ретінде атады.

Мемлекет басшысы соңғы жылдары Қазақстан мен Қа­тар екіжақты және көпжақты күн тәртібінің барлық бағыты бойынша елеулі табысқа қол жеткізгеніне назар ау­дарды. Бұған қоса, екі ел берік құқықтық база қалыптас­тырды және бірқатар ірі инвестициялық жобаны жүзеге асырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтетін ШЫҰ саммитін қолдап, құрметті қонақ ретінде қатысуға ниет танытқаны үшін Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге ризашылығын білдірді.

Өз кезегінде Қатар елшісі Абдалла бен Хусейн Джабер құрмет көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Доханың екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі қарқынды дамытуға бейілді екенін растады.

Сонымен қатар кездесуде екіжақты күн тәр­тібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде сауда-экономика, энергетика және денсаулық сақтау са­лаларындағы ықпалдастық перспективасы тал­қыланды.