Полиция Бельгия азаматы асырап алған 22 жастағы Жәнібек Жұмағұловтың (Джани) ата-анасын іздеп жатыр.
Полиция Жәнібектің ата-анасын іздеп жатыр - ІІМ
2,646
оқылды

Полиция Бельгия азаматы асырап алған 22 жастағы Жәнібек Жұмағұловтың (Джани) ата-анасын іздеп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдері одан анасын іздеген еуропалық Жәнібектің оқиғасына қатысты қылмыстық істің қозғалған не қозғалмағанын сұрады.

«Қылмыстық іс қозғалды. Оның (Жәнібектің) қашан және қандай себепке байланысты шетелге кеткені анықталып жатыр. Әке-шешесін полиция іздеуде. Қазір сіздерге Жәнібектің оқиғасы сияқты істер бар деп айта алмаймын», - деді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.