Жауапкердің әрекетінен талап қоюшыларға қандай да бір зиян келгені анықталмаған.
Түнгі клубқа барып, жұмыстан босап қалған мұғалімдер директорын сотқа берді: сот шешімі шықты
Фото: коллаж inbusiness.kz
14,808
оқылды

Қызылордалық екі мұғалім мектеп директорына "қысыммен жұмыстан шығарды" деп арыз түсіріп, сотта жеңіліп қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кетейік, былтыр қызылордалық екі мұғалімнің Ыстамбұлдағы түнгі клубта трансвеститтер шоуында жүрген видеосы желіде тарап кеткен еді. Шулы оқиғадан соң қармақшылық екі мұғалім желідегі жұрттың және білім саласы басшыларының сынына қалып, кейін жұмыстан кеткені хабарланған.

Қызылорда облыстық сотының мәліметінше, жауапкердің әрекетінен талап қоюшыларға қандай да бір зиян келгені анықталмаған. Сондай-ақ олар мектеп басшысы қысым жасағанын, одан жан азабын тартқанын растайтын дәлел ұсына алмаған.

Ақерке Жұмабаева мен Фатима Ысқақова сот шешіміне келіспейді, олар апелляция алқасына шағым жазатынын айтты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.