Қыркүйек айында өтетін жарыста алыс-жақын шетелдерден боз кілемнің үздіктері бақ сынайды деп күтілуде.
Атырауда “Біріккен күрес әлемі” аясында Oil capital cup  халықаралық турнирі өтеді
1,399
оқылды

Атырау грек-рим, еркін, әйелдер және жағажай күресі федерациясының грек-рим, еркін күрес түрлерінен ересектер арасында өтетін  Oil capital cup   Atyrau – 2024 халықаралық турнирінің кубогы “Біріккен күрес әлемі” (UWW) күнтізбелік жоспарына енді. 

Аталған  іс-шара бұған дейін Атырау облыстық грек-рим, еркін, әйелдер және жағажай күресі федерациясының ұйымдастыруымен 2023 жылы алғаш рет өткізілген болатын. 

"Туған жерімде “Біріккен күрес әлемі” (UWW) мен бірлескен халықаралық спорттық шараны өткізу мен үшін үлкен мәртебе",  – дейді Атырау облыстық күрес түрлері федерациясының президенті Арман Тугаев. 

Қыркүйек айында өтетін жарыста алыс-жақын шетелдерден боз кілемнің үздіктері бақ сынайды деп күтілуде.