«Туған елге саяхат» жазғы танымдық-туристік пойызының қатысушылары «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына белсенді қатысуда.
«Таза Қазақстан» сенен басталады: жас саяхатшылар экологиялық акцияны қолдайды
803
оқылды

«Туған елге саяхат» жазғы танымдық-туристік пойызының қатысушылары «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына белсенді қатысуда.

Сапар алдында «Самұрық-Қазына» қоры бірінші кезеңдегі 200 балаға экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша шеберлік сыныбын өткізіп, қоқысты дұрыс сұрыптауды, әрі қарай қалай кәдеге жарату керектігін үйренді. Сондай-ақ балалар танымдық және іс-әрекет ойындарына қатысып, қазақстандықтарға ресурстарды қалай үнемдеу керектігі мен табиғатты қорғау қажеттілігі туралы ойларымен бөлісті.

Бұл ретте вагондарға тұрмыс қалдығы түрлеріне байланысты арнайы контейнерлер орнатылды. Осылайша, жол бойы балаларды экологиялық дағдыларды дамыта түседі.

Саяхаттағы демалыстан басқа, жол бойы мектеп оқушыларымен тәлімгерлер мен педагогтер жұмыс істеп, қызығушылықтары бойынша үйірмелер, зияткерлік және спорттық ойындар ұйымдастырылады.

Айта кетейік, бүгін «Туған елге саяхат» пойызы «Нұрлы жол» вокзалынан сапарға шықты. 12 күн ішінде өскелең буын өкілдері Астана, Бурабай, Алматы, Тараз, Түркістан және Байқоңыр аймақтарындағы танымал мәдени-тарихи орындарға барады. Жоба 2 кезеңде өтіп, табиғи апаттан зардап шеккен Атырау, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды және Ұлытау облыстары мен Қордағы компаниялар тобының шалғай аудандардағы еншілес  кәсіпорындары өндірістік кәсіп қызметкерлерінің көпбалалы және тұрмысы төмен, толық емес отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 10-15 жас аралығындағы 200 баладан қатысады.

Жоба серіктесі ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия балаларды қорғау мәселесіне, сәйкесінше «Туған елге саяхат» жобасы арқылы өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің маңыздылығына ерекше көңіл бөліп отыр.