Ол ҚР ҰОК президенті қызметінде қанша уақыт отыратынын айтты, - деп жазады Aikyn.kz.
"Иә, қазір көріп жүргенім, салаға келгенім маған ұнайды. Маған сіздің спорттың барлық түрінен сұрақ қоятыныңыз ұнайды. Мен ҰОК-қа бокс үшін ғана келмедім. Бокс – мен өз елімнің атынан көрсете алатын спорт түрлерінің бірі. Мен бұл жерге шенеунік немесе саясаткер ретінде емес, спортшы ретінде келдім. Мен спорттың барлық түріне қызығамын. Мені барлық спортшылар, әсіресе Олимпиадаға қатысып, еліміздің атынан шығып жүргендер қызықтырады. Мен спорттың барлық түрінен спортшылар өздеріне лайықты нәрсені алғанын қалаймын. Олар құр қалмау үшін, армандарына жетуге мүмкіндік алғанын қалар едім. Ал дәл қазір мен келесі циклге дейін қалатыныма сенімдімін", – деді Геннадий сұхбатында.