Ведомство осы жылы қоғамдық көлікте жол жүру үшін орташа тариф 310 теңге, ал кейбір маршрутта 400 теңгеге жететінін атап өтті.
Алматы автобустарында жол жүру ақысы қымбаттамақ
www.istockphoto.com
6,534
оқылды

Алматыда жол жүру ақысы өзгереді. Енді автобустарда жүру ақысы 100 теңге емес, 310 теңге болуы мүмкін. Қала әкімдігінің қаулы жобасы қоғам талқылауына «Ашық НҚА» сайтында жарияланды. 

Қалалық мобилділік басқармасы мәлім еткендей, 80 теңгелік тариф 2011 жылдан бері өзгермеген. Тек былтыр ғана 20 теңгеге өсті. Қазір Алматыда қоғамдық көліктегі тарифтің құны қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеген кезде 100 теңге, ал қолма-қол төлеген кезде 200 теңге мөлшерінде белгіленген.

Бұл ретте, ведомство осы жылы қоғамдық көлікте жол жүру үшін орташа тариф 310 теңге, ал кейбір маршрутта 400 теңгеге жететінін атап өтті. Осыған байланысты жыл сайын тасымалдаушыларға төленетін субсидия мөлшері өсуде. 

Егер 2023 жылы 68,7 млрд теңге бөлінсе, 2024 жылы субсидияның болжамды сомасы 97,3 млрд теңгеге дейін артты. Осылайша, қазіргі тариф бойынша субсидиялау мөлшері үнемі өсіп отырады, бұл жергілікті бюджет үшін шамадан тыс болуы мүмкін.

«Қала тасымалдаушылары қолданыстағы тариф тасымалдаушылардың автобус сатып алуға, жаңартуға және уақытылы қызмет көрсетуге, сондай-ақ жүргізушілердің жалақысын көтеруге жұмсаған шығынды өтемейді деп бірнеше рет мәлімдеді. Тасымалдаушыларға және жергілікті бюджетке жүктемені ішінара азайту мақсатында қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға тариф белгілеу туралы қала әкімдігі қаулысының жобасы дайындалды. Жоба жол жүру тарифін 120 теңгеге дейін көтеруді көздейді. Тиісінше, азаматтардың жеңілдетілген санаттары үшін жол жүру құны тарифтің 50%-ы болады», – делінген басқарманың хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.