Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы келгенімен, қыздың өмірін құтқара алмады.
Тұрмысқа шығайын деп жатқан қыз сұлулық салонына барған соң қайтыс болды
9,212
оқылды

Түркияның Сүрүсу ауданында тұрмысқа шығайын деп жатқан қыз сұлулық салонына барған соң кенеттен қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Hurriyet.com.tr хабарлауынша, 29 жастағы Тугче Акат сұлулық салонына барған соң өзін нашар сезіне бастаған. Оқиға орнына 112 жедел жәрдем бригадасы келгенімен, қыздың өмірін құтқара алмады. 

Медициналық көмек көрсеткен мамандар қыздың жүрегі талмасына ұшырағанын анықтады. Қыздың қуанышына жиналған ата-анасы мен туыстары, достары оның жаназасына қатысты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.