Таразда еріктілер жер кепеде ел көзінен таса, адам шошырлық күйде өмір сүріп жатқан кейуана мен оның екі баласын тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай Instagram парақшасында жазды. Журналистің айтуынша, 78 жастағы кейуананың аяғы құрттаған, жәндіктер жыбырлап денесіне кіріп-шығып жүр.
«Ал 40 жастағы екі ұл мүлдем жарық дала көрмеген сыңайлы. Топыраққа, шкафқа бастарын сұғып, кісі киік болып қалған. Үшеуінің де психикалық ауытқуы бар. Жөндеп тамақ ішіп, жуынбағалы жылдар болғаны анық дейді еріктілер», – деп жазды Гүлмира Әбіқай.
Қазір үшеуі де ауруханаға жатқызылып, бақылауға алынды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.