ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келген мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйымдар жетекшілері кешкі ас форматындағы концерттік бағдарламаны тамашалады, – деп жазады Aikyn.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент орталығында өткен бейресми жиын барысында мәртебелі меймандарға қазақ халқының бай музыкалық мұрасы мен мәдениеті таныстырылып, «Достық жолы» хореографиялық композициясы ұсынылды. Қойылымға Ұлы Жібек жолы бойындағы халықтардың мәдениеті арқау болған.
Сонымен қатар концерттік бағдарлама аясында ШЫҰ-ға мүше елдер халықтарының әні мен биі орындалды.
Бұдан бөлек, саммит қатысушылары мен елорда қонақтарының құрметіне отшашу ұйымдастырылды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.