Қазақстан Президенті Ұйымды одан әрі дамыту бағыты айқындалғанын атап өтті.
Мемлекет басшысы: "Біз Шанхай ынтымақтастық ұйымының келешегінен үміт күтеміз"
524
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына байланысты өткен отырысты қорытындылай келе, көпжақты ынтымақтастықты ілгерілету жөніндегі ауқымды мәселелер талқыланғанын, Ұйымды одан әрі дамыту бағыты айқындалғанын атап өтті.

– Біз Шанхай ынтымақтастық ұйымының келешегінен үміт күтеміз. Осыған орай Ұйымның халықаралық аренадағы беделі мен ықпалын одан әрі арттыру үшін ШЫҰ тетіктерінің жұмысын жетілдіруге баса мән берілді. Қазір біз қол қоятын құжаттар ШЫҰ тарихындағы тағы бір маңызды кезеңге жол ашатынына, сондай-ақ Ұйымның жүйелі әрі жан-жақты дамуына септігін тигізетініне сенімдімін, – деді Қазақстан Президенті.