2024-2025 оқу жылына 112 мың грант бөлінгені белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Биыл алғаш рет ішінара оқу ақысы бар сараланған гранттар енгізілді. "Педагогикалық ғылымдар" және "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат" білім беру бағдарламалар тобы бойынша 150 сараланған гранттан бөлінген.
Бұдан бөлек, "Серпін" бағдарламасы арқылы оқуға түсетіндерге 3 903 грант бөлінген. "Серпін" жобасы арқылы 4 даярлау бағыты бойынша білім алуға болады.