Бұл туралы Әзербайжаннан келген тілші айтты.
Әзербайжандық журналист: «Астана – өте таза әрі әдемі қала»
1,416
оқылды

Әзербайжаннан келген Хазар ТВ арнасының журналисі саммит жайлы және Астана жайлы өз пікірін білдірді.

«Мен Қазақстанда осымен екінші рет болып отырмын. Шамамен 15 жыл бұрын Қазақстанда болған екенмін. Меніңше, Астана –  өте таза әрі әдемі қала. Мұнда саяси оқиғалар көп болады. Өз басым әзербайжандық журналист ретінде де күнделікті жаңалықтарды жиі қадағалаймын. Қазақстан Орталық Азияда өте маңызды рөл атқарып келеді. Бір жағынан, Қазақстан осындай елдермен шектесетіндіктен, көп салада белсенді болуға тиіс. Қазақстанның көршілері өте мықты. Егер сізде мықты көршілеріңіз болса, экономика мен инфрақұрылымды дамытып, мықты болуға тура келеді. Бұл әрине, жақсы. Әр ел күшті болуы керек. Мен мұнда жүріп жатқан жұмысты өте жақсы бағалаймын. Қазақстанның биыл ШЫҰ-ны басқарғаны өте маңызды деп білемін», – деді ол.

Айта кеткен жөн, ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысында бірқатар құжатқа қол қойылды.