Бұл туралы ол өзі берген сұхбатта айтты.
«Ақ көйлек кимегеніме өкінемін»: белгілі әртіс Зарина Кармен неге үйлену тойын жасамағанын айтты
6,745
оқылды

Белгілі әртіс Зарина Кармен "Мамский әңгіме" Youtube-арнасына берген сұхбатында қалыңдық көйлегін кимегеніне өкінетінін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әртіс жолдасымен ақылдаса отырып той жасамаған, бірақ құдалық өткізген екен.

– Той қажет емес деп шештік. Оған дейін біраз тойды көріп келдім. Біз негізі Америкаға барамыз деп жоспарладық. Десе де, 100 адамға құдалық жасадық. Бұл –  барлық туысқанға есеп беру. Дәстүрдің бәрін жасадық. Бірақ енді үлкен той жасап, достарымызды жинаған жоқпыз. Ақ көйлек киген жоқпын. Кейде өкінемін. Кейде Азатқа (күйеуі) "мен күшті қалыңдық болар едім" деп айтамын", – деді актриса. 

Сонымен қатар Зарина Кармен той жасаудың орнына Америкаға баруды жоспарлағанын айтты.

"Бірақ біздің идеямыз күшті болды. Біз 5 жылға виза жасаттық. Америкаға барамыз, Лас-Вегаста ешкімге ұқсамайтын той жасаймыз дедік. Онымен мен бірден бала көтердім. Қайдағы Лас-Вегас?! Сонымен бәрі де қалды", – деді Зарина Кармен.