Жазушы аталмыш ойын сұхбат кезінде айтты.
«Ақындарға ренішім бар»: Дулат Исабеков ақындарды сынға алды
462
оқылды

Дулат Исабеков ҚР экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевты биліктен кеткен соң сынағандарға реніші барын айтты, – деп хабарлайды  Aikyn.kz  сайты.

Kultobe Podcast YouTube арнасында белгілі жазушы, драматург Дулат Исабеков сұхбат берді. Ол экс-президентті даттағандарды сынады.

"Мен ол кісі туралы бір пікірдемін. Өтті, кетті. Сол кезде поэма жазған адамдар енді соны сынай бастады. Демек, адамның екіжүзділігі деген – осы. Мен сол кезде мақтап, ешқандай пікір айтқан емеспін", – деді Дулат Исабеков.

 

Жазушы Назарбаевты мақтап өлең жазғандарды да сынға алды.

"Көзі тірі кезінде поэма жазып, кейін жалт етіп бұлай шыға келу – адамның қасиетсіздігі, екіжүзділігі. Әсіресе, ақындарға ренішім бар. Биліктегі тоталитаризмнің көбін ақындар жасаған екен. Қазір Сталиннің кезіндегі өлеңдердің көбі есіме түседі, жатқа білемін. Ал орыс ақындарының біреуі Сталин туралы өлең жазған жоқ. Тек қазақтар ғана жазды", –  деді ол.