Әншінің әрекеті ғана емес, оның әріптестері жазған әзіл де көпшілікке жақпай қалды.
«Досым, стилист 20 мың сұрап жатыр»: Әбдіжаппар Әлқожаның Абдуллинге айтқан орынсыз әзілі жұрттың ашуына тиді
Коллаж: aikyn.kz
25,615
оқылды

Әніне сөз жазып берген ақынға 20 мың берген Нұрболат Абдуллиннің басы дауға қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Желі қолданушылары әншінің бұл әрекеті бұрыс екенін, кісі ақысын жеуге болмайтынын айтудан жалыққан емес. Мұндай пікірлерді әншінің әрбір жазбасынан байқауға болады. 

«Осы әннің арқасында тойға барып, миллион тауып жүрсің ғой. Сараң екенсің», «Көкірегің ашық болғанымен, қолың ашық емес екен»,  «20 мың ғана бергенің өте ұят болды. Мейлі, басында қанша суммаға келіссеңдер де өте ұят тірлік», деп жазған оқырмандар.

Алайда әншінің әрекеті ғана емес, оның әріптестері жазған әзіл де көпшілікке ұнамады. Әсіресе Әбдіжаппар Әлқожаның орынсыз әзілі сынға қалған.

Ол “Стилист 20 мың сұрап жатыр, досым”, – деп жазды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.