Ол еркектің қол көтеруіне себеп "әйелдің ақымақтығы" дейді.
«Ақылды әйел қол көтеруге дейін мәжбүрлемейді»: «Меломен» тобының әншісі жағымсыз пікір айтты
Sn.kz
1,569
оқылды

“Меломен” тобының әншісі Қайрат Мырзаханов “ақылсыз әйелдің күйеуі қол көтереді” деген пікірі үшін жұртқа жақпай қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz  сайты Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

“Күйеуімнен 5 жыл таяқ жедім” деген блогер Нұрилла Ақберген жеке парақшасында өнер иесінің тікелей эфирдегі айтқан сөзінен үзінді жариялады.

Ал блогердің бұрынғы күйеуі бұған дейін әлеуметтік желідегі парақшасына видео жариялаған. Әлгі видеода әнші әйелін ұрмағанын, тек қолы тиіп кеткенін айтқан болатын. Енді оның бір топтағы әріптесі Қайрат Мырзаханов қандай әйел таяқ жейтінін тікелей эфирде айтып, басы дауға қалды.

“Өзім ешқашан әйеліме қол көтермегенмін. Себебі ол кісінің өзі де ондай жағдайға апармаған. Сол үшін ақылды әйел қол көтеруге дейін мәжбүрлемейді. Ақылсыз әйел ғана өзіне қол көтерткізеді. Мен осыны барлық ер-азаматтың атынан айтамын”, – деді әнші.

Блогер келіншек әншінің сөзіне қарсы шығып, тұрмыста зорлық-зомбылық көрген қыз-келіншектерге қолдау білдірді.

“Ұру – қылмыс. Сұлуларым, қол көтереді екен деп өзімізді ешқашан кінәлі сезінбейік! Қол көтереді екен деп ұратын адамды ақтамайық! Ұратын қолдың иесі ғана жауапты және кінәлі. Ақымақ еркектер, әлсіз еркектер, еркексымақтар ғана әйелге қол көтереді. Қол көтергенін әйелдің ақымақтығына, ақылсыздығына асып қояды. Дегенмен, барлық ерлер дәл бұл видеодағыдай емес. Бұлар зорлық-зомбылыққа қарсы еркектер еді ғой…”, – деп ренішін білдірді блогер келіншек.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.