Биыл Алматы облысында ауыл шаруашы­лығы мақсатындағы 54 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Жылдар бойы бос жатқан жер учаскелері «AMANAT» партиясының «Жер аманаты» комиссиясы атқарған жұмыс нәтижесінде тәркіленді.
«Жер аманаты»:  54 мың гектар жер мемлекетке  қайтарылды
4,655
оқылды

Бұл жөнінде Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Жанарбек Әшімжан мен Максим Рожиннің Алматы облы­сындағы қоғам қайраткерлерімен кездесуі ба­рысында айтылды.

Өңірдегі шаруалар орман қоры мен ұлттық парктердің кейбір жер учаскелерін жайылым жер санатына ауыстыру туралы бастама көтерді. Бұл қадам жеке қосалқы шаруашылықтар мен фер­мерлік кәсіпорындардың жайылымға қатысты мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Халық қалаулылары бұл мәселені экологияға зиян кел­тірмеу үшін сарапшылармен және бейінді ве­домстволармен зерттеп, зерделеу қажет екенін атап өтті.

Айта кетейік, «Жер аманаты» комиссиясы атқарған жұмыс арқылы былтыр Алматы облысы бойынша 224 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.