Бюроның мәліметінше, бұл есімге ие адамдардың басым бөлігі ерлер – 17 адам.
Елімізде есімі Астанамен байланысты қанша адам бар?
Егемен Қазақстан
1,213
оқылды

Ұлттық статистикалық бюросы елімізде елорда күніне орай Астана есімі берілген 24 адам тұратынын жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Мұндай есімі бар қазақстандықтарды Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалаларында кездестіруге болады", – деп жазды бюродан.

Сондай-ақ Астана атауын қамтитын өзге де есімдер бар. Олар – Астанабек, Астанадин, Астанай, Астанақұл, Астанали, Астанахан, Астанат, Ерастанахан, Нұрастана, Саммидастана, Элин Астана, Ару-Астана.

2024 жылдың 1 маусымдағы дерек бойынша, елордадағы халық саны 1 464 415-ке жетті, оның 696 234-і – ер азамат, 768 181-і – әйел.