Шымкентте ер адам жасөспірімді тәрбиелеймін деп аяусыз ұрып жатқанын көрсететін видео тарады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Кадрларда күзетшіге немесе полицейге ұқсайтын ер адам жасөспірімді ұстап алып, ұрысып, ағашпен ұрып, кейін ішінен екі рет ұрып жібергені көрінеді. Осы кезде жасөспірім: "аға, кешіріңіз! Ойбай! Кешіріңіз, өтінемін!" - дейді.
"Мына кісіге мылтық берсе балаларды атып тастайды", - деп жазылған видеода жазбасында.
Шымкент Полиция департаменті өкілдері бұл оқиғаға пікір білдірді.
"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ведомство өкілі.