Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл тұрып, еліміздің солтүстігі мен шығысында, орталығында қатты жаңбыр жауады.
Төрт облыста аптап ыстық болады – Қазгидромет
Ашық дереккөз
15,926
оқылды

Республика бойынша жел күшейіп, солтүстікте, орталығында, шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі, – деп жазады Aikyn.kz.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында, Ақтөбе облысының батысында қатты ыстық сақталады.

Маңғыстау облысында, Атырау облысының батысында, шығысында, орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Алматы облысының оңтүстігінде, батысында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Ұлытау облыстарында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.