Оқиға 6 шілде күні Қ.Төлеметов көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған, - деп жазады Aikyn.kz.
Дәрігерлердің айтуынша, балабақша жасындағы бүлдіршіннің жағдайы орташа.
Қалалық ТЖД ата-аналар мен ересектерге балаларды қараусыз қалдырмауды және сақтық шараларын қатаң сақтауды сұрайды.
Ол үшін:
- Үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз;
- Жиһазды терезелердің жанына қоймаңыз;
- Терезелер арнайы қорғаныс құрылғыларымен болуы керек;
- Бала оны өздігінен аша алмайтындай етіп терезе тұтқасын құлыптаңыз;
- Баланы терезеде тұруға және терезеден көшеде не болып жатқанын көруге үйретпеңіз, бала сіз үйде болмаған кезде қайталауы мүмкін.