Астана мен Шымкентте террористік сипаттағы қылмыс жасады деген айыппен үш адам сотталды.
Террористік сипаттағы қылмыс жасағаны үшін үш адам сотталды
www.istockphoto.com
317
оқылды

2024 жылғы маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті тіркеген материалдар бойынша террористік сипаттағы қылмыстар жасағаны үшін Қазақстанның үш азаматы сотталды, – деп хабарлайды Аikyn.kz

3 және 7 маусымда Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты терроризмді насихаттау фактісі бойынша екі жергілікті тұрғынның әрбірі 7 жылға бас бостандығынан айырды.

"Олардың айналасындағылар арасында, сондай-ақ мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы радикалды діни материалдарды таратқаны анықталды", – делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

11 маусымда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты осыған ұқсас қылмысы үшін түзету мекемесінде отырған елорда тұрғынын 6 жылға қосымша бас бостандығынан айырды.

Айта кету керек, 2024 жылы ақпанда ол билікті басып алуға, террористік топты құруға және басқаруға, террористік әрекетті ұйымдастыру мақсатында жалдауға, терроризмді насихаттауға және қаржыландыруға көпшілік алдында шақырғаны үшін 20 жылға сотталған.

Тергеу изоляторында болған кезде, ол заңсыз әрекеттерді тоқтатпады және камераластарына терроризм идеологиясын таратуға тырысты. 2024 жылы мамыр айында Астанада тағы сегіз адам терроризм бабы бойынша сотталған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.