2024 жылы 7 шілдеде кешке қырғыз елінің Ыстықкөл облысындағы жайлауға найзағай түсіп, 250 қой қырылып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Қырғыз Республикасы ТЖМ қолайсыз ауа райы туралы халықты алдын ала ескерткен болатын. Қазіргі уақытта Азаматтық қорғаныс комиссиясы мен Тонг ауданының жедел тобы аталған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
7 шілдеде Алматыда да найзағай жарқылдап, табиғат оқыс мінез танытты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.