Құтқарушылар баланы арқанның көмегімен аман алып шыққан.
Шұңқырға құлап кеткен бала құтқарылды
228
оқылды

112 пультіне Түркістан қаласы үйлерінің бірінде тереңдігі 4 метр шұңқырға 16 жасар жасөспірім құлағаны туралы хабарлама келіп түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Түркістан облысы құтқарушылары баланы арқанның көмегімен алып шығып, медициналық жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.