Біреуі сол мезетте қаза тапқан, екіншісі - ауруханаға жеткізілген.
Оралда терезеден 5 жасар екі бала құлады
www.istockphoto.com
639
оқылды

Бұл жағдай өткен жексенбі күні Орал қаласындағы көпқабатты үйдің бірінде болған. 5 жасар бала үйдің бесінші қабатынан құлап кеткен.

Істі қазір Батыс Қазақстан облысы Полициядепартаменті қарап жатыр.

"Бала алған жарақаттарынан сол жерде қаза тапты. Тергеу жүріп жатыр", - деді полиция қызметкерлері. Олардың айтуынша, бір күнде мұндай жағдай екінші рет болып тұр. 7 шілде күні түстен кейін басқа көпқабатты үйдің үшінші қабатынан бес жасар бала құлап түскен.

"Бала облыстық балалар ауруханасының травматология бөлімшесіне жеткізілді. Оның жағдайы аса ауыр емес", - дейді олар.