Арасында жарақат алғаны да бар екен.
Ақтөбедегі дәмханалардың бірінде жанжал шықты
496
оқылды

Ақтөбедегі дәмханалардың бірінде қонақтар арасында жанжал шыққан. Салдарынан бірнеше ер адам жарақат алып, ауруханаға түсті. Бұл туралы Аikyn.kz сайты "Диапазон" порталына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бұл факт бойынша сотқа дейінгі қылмыстық тергеу басталды. Қылмысқа қатысы бар адамдар анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді", – деп хабарлайды Полиция департаменті өкілдері.

Облыстық  Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бес адам зардап шеккен. Ең үлкені – 39 жаста, қалғаны 28 бен 31 жас аралығында. Үш ер адам пышақ жарақатын алған, біреуінде жабық бас-ми жарақатын алып, комаға түскен. Бір ер адам медициналық тексеруден бас тартты.