Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз берілген жер телімдері мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы облыс прокуратурасы хабарлады.
Мемлекетке 300 миллион теңгеден аса актив  қайтарылды
919
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары активтерді мемлекет меншігіне қайтарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Елде заңсыз иемденген активтерді анықтау және қайтару бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

 

"Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкерлер Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, жалпы ауданы 10,2 мың гектар болатын 14 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімін ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсат бойынша пайдаланбаған. Қадағалау органының шараларымен жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды", – деп жазылған хабарламада.

Ал Қызылжар ауданы прокурорының талабы бойынша қала маңындағы беделді аудандағы 47 гектар заңсыз берілген жер телімі мемлекетке қайтарылды.

Қабылданған қадағалау шараларымен мемлекетке жалпы сомасы 300 миллион теңгеден аса актив  қайтарылды.