Оны құтқаруға Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері көмекке келді.
Астанада кішкентай қыз балкондағы қоршауға қыстырылып қалды
Фото: ТЖМ
630
оқылды

Астанада кішкентай қыз қоршауға қыстырылып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Оқиға Нұра ауданының Е-17 көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйде болған. Балконда баланың басы қоршау арасында қыстырылып қалды. Баланы құтқаруға Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері көмекке келді.

«Оқиға орнына келген құтқарушылар аспалы құралдардың көмегімен баланы шығарып алды. Қыз бала зардап шеккен жоқ, медициналық көмек қажет болмады», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.