Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл тұрады, солтүстік-батыста, шығыста, елдің оңтүстік-шығыс тауларында қатты жаңбыр жауады.
Елдің солтүстігінде ғана күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, республиканың солтүстігінде, шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.
Күндіз Атырау, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық болады.
Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, қиыр шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан, Қызылорда облыстарында, Маңғыстау облысының батысында, Ұлытау облысының батысында, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.